Спорт • 03 Сәуір, 2021

«Фландрия туры» басталады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 сәуірде Бельгияда дәстүрлі «Фландрия туры» басталады. Бұл жарыста «ASTANA-PREMIER TECH» клубының жеті велошабандозы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Фландрия туры» басталады

Айтулы жарыстың бір ғасырдан аса тарихы бар. Нақтылап айтсақ, «Фландрия турының» тұсауы сонау 1913 жылы кесілген. Бас-аяғы бір күнге ғана созылатын додада негізінен жергілікті спортшылар топ жаруда. Осыған дейін 102 мәрте ұйымдастырылған жарыстың тең жартысынан көбін бельгиялықтар ұтты. Олардан бөлек, Италия (10 рет), Нидерланд (10 рет), Швейцария (4 рет), Франция (3 рет), Германия (2 рет), Ұлыбритания (1 рет), Дания (1 рет), Норвегия (1 рет) және Словакияның (1 рет) велошабандоздары бас жүлдені қанжығаларына байлады. Өкінішке қарай, жеңімпаздар қатарында Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

Ал таяу күндері басталатын кезекті жарыста Евгений Федоров (Қазақстан), Евгений Гидич (Қазақстан), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Уго Уль (Канада), Бенжамин Перри (Канада), Никита Стальнов (Қазақстан), Артем Захаров (Қазақстан) сынды велошабандоздар «ASTANA-PREMIER TECH» клубының сапында өнер көрсетеді.