Қоғам • 03 Сәуір, 2021

Қазақстанда жер ресурстарын басқару агенттігі құрылады

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер реформасы комиссиясының екінші отырысында экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев жұмыс тобы отырысының нәтижелері туралы сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жер ресурстарын басқару агенттігі құрылады

Экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының отырысында 6 мәселе қаралған. Отырысқа жұмыс тобының 33 мүшесінің 30-ы қатысқан.

«Қазіргі уақытта ең өзекті мәселенің бірі – жер ресурстарын бақылау бойынша бірыңғай мемлекеттік жүйені құру. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқаратын комитетінде тек орталық аппарат қалған. Ол жерде 38 адам жұмыс істейді. Барлық аймақтық жер инспекциялары 2014 жылы әкімдіктердің құзырына берілген. Яғни, әкім өзі жер береді, жерді өзі бақылайды. Осыған байланысты бірінші қараған мәселеміз - әкімдіктерден (жергілікті атқарушы органдардан) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік жер кадастрын жүргізу функцияларын бере отырып, жер ресурстарын басқару агенттігін құру», деді ол.