- Көктем басталғалы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін екінші рет өткізіп отырмыз. Шаруалар өз өнімдерін еш делдалсыз саудалады. Бағаны тұрақтандыру бағытындағы жәрмеңкеге көкөніс, жеміс-жидек, күріш, ет, балық және сүт өнімдерінің барлық түрлері әкелінді, - деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
Жәрмеңке Қызылорда қаласының Астана даңғылының бойы, Көшербаев көшесі мен Амангелді көшесінің аралығында өтті. Барлық ауданға арнайы орын белгіленіп берілген. Жалпы 100-ге жуық көлікке тиелген 250 тоннадан астам өнім саудаланды. Таңертеңнен түске дейін 60 тоннадан астам күріш, 8 тонна шамасында ет, 60 тоннадай картоп, 70 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері, 5 тоннадан астам сүт өнімдері, 15 тоннадай балық өнімдері және 10 тоннаға жуық мал азықтық жем-шөп сатылды.