Қоғам • 03 Сәуір, 2021

Алматылықтарға медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақыртулар жіберілді

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін мегаполистегі вакцинация барысы туралы Алматы қаласы №17 емханасының дәрігер-эпидемиологы Галина Рогатовская ақпарат берді. Медицина қызметкері вакциналау жұмыстарын 4 наурызда бастағандарын хабарлады.

Алматылықтарға медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақыртулар жіберілді

- Бастапқыда біз медицина қызметкерлерін, мектеп, интернат мұғалімдерін, әлеуметтік мекемелер және полиция қызметкерлерін вакцинацияладық. Оларға егу жүргізу аяқталып келеді. 2 сәуірден бастап созылмалы аурулары бар диспансерлік топтағы пациенттерді вакцинациялауға кірістік, - деді Г.Рогатовская.

Эпидемиолог дәрігер олардың отандық вакцинаның 2200 дозасын алғанын және онымен сәтті жұмыс істеп жатқанын айтты. Галина Рогатовская вакцинаны квинки ісінуі бар, жүкті және бала емізетін адамдарға жасауға болмайтынын айтып, толықтырды. Вакцинацияға 18 жасқа дейінгі балалар жіберілмейді. Сонымен бірге, коронавирусқа қарсы вакцинаны 63 жастан асқан адамдарға жасауға рұқсат етіледі.

17-емхананың дәрігері вакцинаның үш күн ішінде кері әсері болуы мүмкін екенін, және оларды асқыну деп атауға келмейтінін айтты. Бұл қалтырау, дененің сырқырауы, дене температурасының аздап көтерілуі.

- Біздің деректеріміз бойынша, екпе салдырғандардың 25-30 %-да осы белгілер байқалуда. Қалғандарынан шағымдану болған жоқ. Ауыр белгілері де тіркелген жоқ, - деді дәрігер.

Халыққа екпе жүргізу 2 сәуірден басталды, оған дейін созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақыру жіберілген болатын. Екі күнде 1300 адам егілді.

Вакцина салдырғандар қатарында тек қазақстандықтар ғана емес, тұрғылықты мекен-жайы мен тіркелген медициналық ұйымдарына қарамастан, шетелдік азаматтар да бар.

Алматы емханалары коронавирустан вакцина алғысы келетін барлық адамдар үшін ашық.

Дәрігер вакцинациялау кезеңімен байланысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, ол екі компонентті, сол себепті екі екпенің арасындағы айырмашылық 21 күнді құрайды. Үзілісті 7 күнге дейін үзуге рұқсат етіледі. Пациент ауырып қалған жағдайда, 60 күнге дейін үзіліс жасау мүмкіндігі бар. Вакцина алғаннан кейін иммунитет екінші компонентті алғаннан кейін 42 күн өткен соң қалыптасады.

Естеріңізге сала кетейік, мегапоисте жоспарлы вакцинация жүргізу үшін 250 пункт, оның ішінде ірі сауда нысандарында барлық эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ашу жоспарлануда.