Қоғам • 05 Сәуір, 2021

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алды

661 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекшінің қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық емдеуді алды және 26,4 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) алуды ресімдеді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алды

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, портал мүгедектігі бар адам­дарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алу­шының электронды цифрлы қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдар­ды оңалту құралдарымен қамта­масыз ету протездік-ортопе­дия­лық, сурдотехникалық, тифло­техникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекші қызметін, 12 мыңы саноторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ портал ар­қылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды ресімдеді. Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрде ресімделді.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1 394 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), ОТҚ 764 жеткізушісі, 12 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 564 ымдау тілін, 79 санаторлы-ку­рорт­тық емдеуді, 207 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізуші тіркелген.

2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электронды үкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көр­сетуге электрондық өтінім бе­ру мүм­кіндігі іске асырылды. Оңалту құралдарымен және қыз­­мет­терімен қамтамасыз ету­ге ар­налған 14,8 мыңнан астам құ­жат Электронды үкімет порталы арқылы ресімделді. Қа­зіргі уақытта Әлеуметтік қыз­меттер порталына 59 208 мүге­дектігі бар адам және «қам­қор­шы» мәр­тебесі бар 61 594 адам кірді.

2020 жылы портал арқылы ОТҚ-ның 24 түрін сатып алу мүмкіндігі берілді. Оны 16,3 мыңнан астам адам пайдаланды, оларға 28,8 мың оңалтудың тех­никалық құралы берілді. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар жеке іріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 74 түрін сатып алу мүмкіндігіне ие. Мысалы, кию­ге арналған түрлі құрылғылар, жаялықтар, тазартқыштар. Бұ­дан басқа, портал арқылы жеке көмекшінің, ымдау тілі мама­нының қызметтеріне және са­наторлық-курорттық емделуге тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ табысы аз отбасылардың ке­пілдік берілген әлеуметтік топ­та­ма алу мүмкіндігі бар. «Әлеу­меттік қызметтер порталы» авто­мат­тандырылған ақпараттық жүйе­сін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қам­тамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде көзделген. Call-орталықтан 1411 нөмірі арқылы порталды пайдалану бойын­ша кеңес алуға болады.