Әлем • 05 Сәуір, 2021

Британдық реттеуші: Oxford-AstraZeneca вакцинасы қауіпсіз

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбри­т­анияның Де­н­­сау­лық сақтау рет­­теу­шісі Oxford-Astra­Ze­neca вакцинасын алғаннан кейін қа­ны қоюлана бастаған 30 адамның жетеуі қайтыс болды деп мәлімдеді.

Британдық реттеуші: Oxford-AstraZeneca вакцинасы қауіпсіз

Бүгінгі таңда Ұлыбританияда 18 миллионнан астам адам осы екпені салдырып үлгерген. Бұл хабар Еуропаның бірнеше елі мен Канада тромбоз қаупінен қорқып, вакцинаны белгілі жас топтары үшін тоқтату туралы шешіммен қатар келіп отыр. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу жөніндегі британдық агенттік (MHRA) бұл адамдардың өлімі вакцинамен байланысты ма, жоқ па, әлде бұл жай ғана кездейсоқтық па екендігі белгісіз екенін айтқан. Сондай-ақ агент­тіктің атқарушы директоры Джун Рейн вакцинаның COVID-19 індеті мен оның асқынуларының алдын алудағы пайдасы кез келген қауіптен асып түсетінін мәлімдеді. Ол шақырту алған азаматтар ешнәрсеге қарамастан, келіп екпе алуы керек деген пікір білдірген.

AstraZeneca вакцинасын алғандардың арасында қанның ұюы пайда болғаны туралы хабарламалардан кейін кейбір елдердің реттеуші органдары екпеге немесе адамдар жасына түрлі шектеулер енгізе бастады. Мәселен, Нидерланды әйелдер арасында тромбоз пайда болған жаңа бес жағдайдан кейін 60 жасқа де­йінгі адамдарды бұл препаратпен вак­ци­налауды тоқтатқан. Олардың біреуі қайтыс болды. Германия да дәл осындай шешімді аптаның басында қабылдап үлгерген. Канада да 55 жасқа дейінгі адамдарға вакцинаны қолдануды шектеп отыр.

Ұлыбританияда 31 миллионнан ас­там адам AstraZeneca мен BioNTech-Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын алған. Нәтижесінде, елдегі вирус жұқ­тыр­ғандардың саны күрт төмендеп, ін­деттен қайтыс болғандардың үлесі азайған.