Операциядан кейін науқасты Амур облыстық клиникалық ауруханасына жеткізген. Амур мемлекеттік медицина академиясы өрт кезінде жүрек орталығында үш операция, соның ішінде коронарлық артерияны айналып өту отасы жасалғанын хабарлайды. Өрт сөндірушілер ғимараттағы жалынды сөндіру кезінде су операциялық бөлмелерге кірмейтіндей жұмыс істеген. Нәтижесінде, ота сәтті аяқталған.
Дәрігерлер өрт туралы естігенімен, аса сенбегендерін айтқан. Себебі операциялық бөлме төбесі жанып жатқан ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Ол жарық мүлдем өшіп қалса, науқастың тірі қалуы екіталай еді дейді. Құтқарушылар қосқан арнайы генератордың көмегімен ота тоқтатылмай, соңына дейін жасалған.