Қоғам • 05 Сәуір, 2021

Қазақстандықтар қай елден жиі пәтер сатып алып жатыр?

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның статистика институтының деректеріне сәйкес, шетелдіктер арасында жылжымайтын мүлік сатып алу саны бойынша қазақстандықтар тоғызыншы орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтар қай елден жиі пәтер сатып алып жатыр?

Отандастарымыз биыл 1171 сатып алу шартын жасасқан. Бұл былтырғы жалпы саннан 2,8 пайыз жоғары. Сондай-ақ отандастарымыздың арасында жиі Солтүстік Кипр мен Грузиядан пәтер алатындар көбейген.

Осы орайда еліміздегі жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшылар шетелден үй алып жатқан қазақстандықтардың көбейіп жатқанын алға тартады. EXANTE инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботаревтің пікірінше, үйдің бағасы арзан болған соң ғана алып жатқан жоқ. Оның тағы бір себебі − күнкөріс мақсатында инвестицияға салып отыру.

«Иә, шетелде тұру үшін баспана сатып алатын адамдар бар. Бұл олардың жалғыз баспанасы болады, яғни көшіп кетеді. Қазақстаннан кетуді жоспарламайтын, бірақ шет мемлекеттен үй сатып алып қоятындар да бар. Әдетте олар демалу үшін немесе жалға беру, қайта сату және ақша табу үшін инвестиция ретінде алады», деді сарапшы.