«Тестіленушілерді кіргізу және аудиторияда отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталады. Аудиториялар желдетіліп, дезинфекциялық құралдармен тазартылады. Барлық санитарлық талап қатаң сақталатын болады», деді Тойбаев.
Әрбір тестілеушінің әйнекпен қоршалған орны болады. Сондай-ақ, санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады. Олар үшін аудиториядан education.kz сайтында бейнетрансляция қамтамасыз етіледі.