Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі жағдай, халықты вакцинациялау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.
Республика бойынша вирустың репродуктивтлік көрсеткіші 1,16 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 36%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 22%.
Қазіргі уақытта COVID-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары, «сары аймақта» – Шымкент қаласы және Қарағанды облысы. Барлық қалған өңірлер – «жасыл аймақта».
Премьер-Министр Үкіметтің сырқаттанушылық деңгейін төмендету мен вакцина алғандардың санын арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Биылғы сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау бойынша нақты жоспар әзірледі.
«Қыркүйек айында вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі», деді А. Мамин.
Үкімет басшысы денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің бір айлық қоры бар, ал «СҚ «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары мен шприцтері бар 3 айлық тұрақтандыру қорлары құрылды.
«Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде», деді А. Мамин.
Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге «қызыл аймақтағы» өңірлерде вакцина алатындардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және қабылданған жоспарға сәйкес вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды.
Денсаулық сақтау, цифрландыру, ішкі істер министрліктеріне, «Атамекен» ҰКП, өңірлердің әкімдіктеріне осы жылдың сәуір айының соңына дейін бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін «адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын» енгізу мен мобильді мониторингтеу топтарының тиімділігін жақсарту мақсатында барлық өңірлерге «Ashyq» жобасын кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар