Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде, карантин режимі кезінде бірқатар шектеу шаралары қойылған. Осы бағытта Ордабасы АПБ-ның полицейлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Осындай кезекті рейдтік шара барысында, күндізгі 15:30 шамасында Сарыағаш ауданының ауылдарының бірінде көкпар ойынының өтіп жатқаны анықталған. Ұйымдастырылған бата көкпар ойыны тоқтатылып, 200-ден астам адам тарқатылды.
Сондай-ақ Отырар ауданында жасырын түрде көкпар ойыны ұйымдастырылған. Аталған жиынға 150-ден астам адам жиналып, тәртіп сақшыларының табанды еңбектерінің арқасында, дер кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көкпар ойындары тоқтатылды.
Осыған орай карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұрғындарға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін ҚР ҚК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-на жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.