Коронавирус • 06 Сәуір, 2021

Сәуірде өңірлерге қанша вакцина жеткізіледі?

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айында Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 млн дозасы жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәуірде өңірлерге қанша вакцина жеткізіледі?

«1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасып жатыр. 1 сәуірден бастап вакцинациялауға жататын тұлғалар санаты кеңейтілді. Кестені жергілікті атқарушы органдар әзірлейді. Бүгінде бірінші компонент 197 706, екінші компонент 72 110 азаматқа салынды. Республика бойынша 1 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3-ті құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен сәуірде вакцинаның 2 млн дозасы жеткізіледі. Бұл вакциналауға жататын тұрғындардың 23,4 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», деді Алексей Цой.

Сондай-ақ министр өңірлерге қанша көлемде вакцина жеткізілетінін айтты.

«Өңірлерге вакцина жеткізу көлемі мен алдын ала мерзімі айқындалған. Қазіргі эпидемиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде вакцина жетізу көлемі Нұр-Сұлтан (284 мың), Алматы (464 мың), Шымкент (172 мың) қалаларына, Алматы (232 мың) және Қарағанды облыстарына (217 мың) ұлғайтылды», деді ол.