Қоғам • 06 Сәуір, 2021

5 млн теңгенің тауарларын заңсыз алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған  Тәжікстан азаматы ұсталды», деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 млн теңгенің тауарларын заңсыз алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

4-ші сәуірде Ресейден Тәжікстанға бағытталған  автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.

Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді.

Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.