Сұқбат барысында Иманбек Зейкенов интернетте өзін жақтаушылар мен даттаушылардың тобы пайда болғанын айтты.
«Алғашында әр хейтерге жауап беруге тырысатынмын. Қазір оларға жауап беруге уақытым жоқ. Екінші жағынан, менің жақтастарым өздері-ақ қорғап алады. Негізінен олар қазақ бауырларым. Қазақтар күш қой», деді И. Зейкенов.
Сондай-ақ ол жүлделі болғалы қазір оған түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын айтып өтті.