«Грэмми жүлдесін алғалы қажеттілік те, табыс та артты. Әлі де Ақсу қаласынан көшкен жоқпын. Егер үлкен қалаға қоныс аудару керек болып жатса, Нұр-Сұлтан қаласына көшер едім», деді И. Зейкенов.
Сондай-ақ Иманбек Зейкеновтің менеджері Кирилл Грэмми күйсандығы әлі қолдарына тимегенін айтты. Оны Грэмми ұйымдастырушылармен арнайы келісімшарт жасасқан логистикалық компания жеткізіп беруі тиіс көрінеді.