Спорт • 06 Сәуір, 2021

Футзалдан «Еуро-2022» додасына жолдама алдық

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландтың Амстердам және Гронинген қалаларында өтетін әлем чемпионатының жолдамасына иелік етті.  

Футзалдан «Еуро-2022» додасына жолдама алдық

Шешуші бәсекені жерлестеріміз сырт алаңда өткізді. Соған қарамастан Мажарстан құрамасының тас-талқанын шығардық. Бірінші кезеңде Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиуллин және Тайнан қарсыластар қақпасын дәл көздесе, Имре Нодь автоголдың авторы атанды. Үзілістен кейін де Кака жетекшілік еткен команда өз қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Біздің жігіттер тағы екі мәрте нысананы дәл көздеді. Бұл голдарды Дуглас Жуниор пен Альберт Акбаликов соқты. Алаң иелері бір ғана доппен жауап қайырды. 

Сөйтіп, Будапеште өткен бәсекеде 6:1 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы төрт кездесуден кейін 12 ұпай жиып, өз тобында бірінші орын алды. Осы жеңістің арқасында отандастарымыз «Евро-2022» додасының жолдамасына иелік етті.