Қоғам • 07 Сәуір, 2021

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қаралды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің бастамасымен «Жа­нуарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы талқыланды. Іс-шараға Пре­зидент Әкімшілігі өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Премьер-Ми­нис­тр Кеңсесінің, Экология, геология және та­биғи ресурстар министрлігінің және бас­қа да мемлекеттік органның өкіл­дері, зообел­сенділер қатысты.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қаралды

«Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы және ол Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауында. Біздің міндетіміз – жан-жақты пысықталған және тиімді жұмыс істейтін заң алу үшін тапсырманы мерзімінде және сапалы орындау», деп атап өтті Президент Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Олжас Жораев.

Кеңес барысында заң жобасының даулы нормалары егжей-тегжейлі қаралып, жануарлардың мәртебесі және оларды қорғау шаралары тал­қыланды. Сонымен қатар ілеспе заң жобасын іске асыру туралы да сөз болды. Парламент Мәжілісінің депутаттары Елдос Абақанов пен Вера Ким заңды уақтылы қабылдау үшін министрлікпен, мемлекеттік органдармен және зооқорғаушылармен тығыз өзара іс-қимыл жасауға әзір екендіктерін білдірді.

Талқылау қорытындысы бойынша азаматтық сектор мен мүдделі мемлекеттік органдардың пікірін ескере отырып, Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы шеңберінде негізгі және ілеспе заң жобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ұсынылды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­­­сыр­­ма­сы бойынша Экология, геология және таби­ғи ресурстар министрлігі зообел­сен­ді­лер­мен, қо­ғам өкілдерімен бірлесіп «жа­нуар­ларға жа­уапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта жа­нуар­ларға жауап­кер­ші­лікпен қарауды және олар­ға адам­гершілікпен қарауды қалыптастыруға ба­ғыт­талған нормалар бар.