Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Көкшетауда 3 көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

2068 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында үш көліктің соқтығысуымен жол апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетауда 3 көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда жол апаты 6 сәуірде түнгі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының Н.Назарбаев даңғылында болған.

Ниссан, Лада және Гольф көліктерінің соқтығысуы салдарынан Лада-гранта көлігінің жолаушысы әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Айта кетейік, жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда жол апат Н.Назарбаев даңғылының бойында Теннис орталығының маңында орын алғаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35