Біздің арулар арасында Эльжана Таниеваның шоқтығы биік болды. Алғашында ол таспа жаттығуында 20,550 ұпай жиып, алтыннан алқа тағынды. Ол өзінің басты қарсыластары болгариялық Татьяна Воложанина мен италиялық Софья Мафезден біраз озып кетті. Көп кешікпей Эльжана мен Татьяна шығыршық жаттығуында да бас жүлдені өзара сарапқа салды. Бұл жолы да қазақ қызының мерейі үстем болды. Барлық элементтерді ойдағыдай орындап шыққан ол 22.300 ұпай жиып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сондай-ақ осы жарыста Сабина Бақатованың да бағы жанды. Ол доп және ұршықпен жасалатын жаттығулар бойынша қола медальді иеленді.