Ералы Тоғжанов Алаш қайраткерлерінің есімдерін мәңгілік есте сақтау мақсатында өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарына Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның, Шәкәрімнің есімдері берілгенін айтты.
«Қазіргі уақытта Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында елорданың бірқатар білім беру мекемесіне Нәзір Төреқұловтың, Мұстафа Шоқайдың, Қошке Кемеңгерұлының, Қаныш Сәтбаевтың, Смағұл Сәдуақасұлының есімдерін беру мәселесі қарастырылып жатыр. Алаш қайраткерлерінің атымен бұдан басқа да 30-дан астам көше, 10-ға жуық мектеп аталады», деді ол.
Сондай-ақ ол бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында «Алаш» қозғалысының 30 шақты тұлғасына көше атаулары берілгенін атап өтті.