Қаладағы карантиндік шаралғарға байланысты пандемияның таралуына жол бермеу үшін бірқатар шектеу іс-шарасы қабылданған. Оның ішінде салтанатты, отбасылық және баса да той-томалақ өткізуге тыйым енгізілген.
Осыған орай карантин режимін бұзушыларды анықтау мақсатында құрамында полиция қызметкерлері, әкімдік пен Санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының өкілдері бар мобильді топ жұмыс істеп жатыр.
«Қолданыстағы тыйымға қарамастан Тілендиев даңғылығындағы «Дударай» мейрамханасының банкет залы карантин іс-шараларын сақтамаған қонақтарға толы болды. Мобильді топ тексерген сәтте той қызып, мейрамханада шектеу шараларын қаперден шығарған 150 адам көңіл көтеріп жатқан. Мейрамхана иесінің үстінен жинақталған материал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен әкімшілік іс қозғау үшін өкілетті органдарға жіберілді», деді департамент өкілі.