Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Түркістанда сакура гүлдеді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда Ясауи кесенесінің аумағындағы ботаникалық бақта сакура ағашы гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда сакура гүлдеді

Ислам бағы негізінде салынған ерекше саябақта 200 түп сакура, жалпы әлемде сирек кездесетін мыңға жуық ағаш егілген. Демалыс аймағындағы мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған шие ағаштары да гүлдей бастады.

Ботаникалық бақта Германиядан арнайы әкелінген ағаш пен гүлдердің 50-ден астам түрі отырғызылған. Олардың ішінде сәндік жеміс ағаштары мен күлгін түсті күл, катальпа, долана, каштан, терек, тұт ағаштары, үйеңкі, раушан гүлі мен қызғалдақтың сан алуан түрлері бар. Демалыс аумағы биіктігі 1 метрден аспайтын мыңға жуық ерекше дизайнды жарықшамдармен жарықтандырылған. Декоративті су арналары мен субұрқақтар салынған. Қаладағы жаңа саябақтар мен демалыс орындарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс пен жөндеу  жұмыстарын 10 күннің ішінде толық аяқтауды міндеттеді. Көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан «Рәміздер алаңында» 2 мың көшет отырғызылып, газон төселеді. Субұрқақтар,  арнайы демалыс орындары мен балалар алаңшалары ашылады.

1

Облыс әкімі қаладағы мәдени – рухани орталықтағы құрылысы аяқталған жаңа ғимараттардың аумағына жолаяқтардың төселуі тым ұзаққа созылғанын сынға алып, мойнына алған міндетті созбалаңға салған фирма өкілдеріне сылтау іздемей, тапсырысты дер кезінде орындауды жүктеді.