Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 61 көлік отқа оранған

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері 61 көлік отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 61 көлік отқа оранған

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 сәуір күні Семей қаласында жол бойында «Газель» маркалы автокөлік отқа оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде қызыл жалын мотор бөлшектерін, аспаптар панелін, салонды, доңғалақтар мен алдыңғы шиналарды шарпып жатты.