Оның айтуынша, агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп оларды шешу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Мысалы, бүгінде әртүрлі лицензиялар алу толығымен электронды форматқа көшірілді. Қазір инвестициялық визаны алу туралы өтініш инвестициялық келісімшарт секілді онлайн режимде беріледі.
Ол елімізде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды режимде қолжетімді екенін атап өтті. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде шағын бизнесті тексеруге үш жылға мораторий қолданылады. Тексерушілердің штатын қысқарта отырып, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.