Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар сақталады, қардың жылдам еруі тау өзендерінде су тасқынына әкелуі мүмкін.
«7 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында су басу жағдайлары тіркелді. Соның салдарынан 15 елді мекенде көшелер мен аулаларды, 3 тұрғын үйді су басты, автомобиль жолдарында 6 рет су деңгейі көтерілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ТЖМ.