Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар дәрігерлердің бақылауында. Ал екінші компонентпен 10 мыңға жуық азамат вакцина алды.
Инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары 65 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 13 адамда COVID-19 індеті анықталған. Яғни тәуліктік өсім – 0,28 %. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 600 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 3 мыңдай адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар.