Коронавирус • 07 Сәуір, 2021

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина міндетті бола ма?

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова «коронавирусқа қарсы вакцина міндетті болуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина міндетті бола ма?

«Кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген вакцинация вакцинаны алушының міндетті түрде келісімімен салынады. Яғни, одан кез келген уақытта бас тартуға болады», деді Айжан Есмағамбетова.

Осы орайда ол вакцинация жұқпалы аурлармен күрестің ең оңтайлы тәсілі екендігін айтып өтті.