Саясат • 08 Сәуір, 2021

Бизнесті дамытудың кепілі – оны құқықтық тұрғыда қорғау

12 рет көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет Business Integrity Forum өтті.

Форум жұмысына Қазақ­стан Президентінің экономи­калық даму мәселелері жө­нін­дегі штаттан тыс кеңес­шісі С.Чакрабарти, «Ас­тана» ХҚО басқарушысы, Стра­­тегиялық жоспарлау жəне рефор­­малар агенттігінің төр­ағасы Қ.Келімбетов, Сыбай­лас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі­нің төрағасы А.Шпек­баев, Кәсіп­кер­лердің құқық­тарын қор­ғау жө­ніндегі уәкіл Р.Жүр­сінов, отандық және шетелдік биз­нес, дипло­ма­тиялық корпус, ха­лық­аралық ұйым­дардың өкілдері, сон­дай-ақ сала­лық мемлекеттік органдар бас­шылығы қатысты.

Қ.Келімбетов форумға қаты­су­шылардың назарын «Астана» ХҚО Елбасының бастамасымен «Бес институционалдық реформаны» іске асыру аясында құрылғанына аударды. Оның айтуынша, осы бес реформаның үшеуі бизнесті дамы­тумен байланысты болды. С.Чакрабартидің пікірінше, сы­байлас жемқорлық, ең алдымен, елдің беделіне үлкен зиян келті­реді. Сондай-ақ сыбайлас жем­қорлық салық салу, білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің бұзылуына, адам капиталының төмендеуіне әкеледі, инвестицияларды азайтады. Осыған байланысты ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін барлық құрал­дарды пайдалану қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Шпекбаев инвестор­ларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасына, комплаенс қызмет­терінің жұмысына, мемлекеттік қыз­мет­терді элек­трондық форматқа кө­шіруге және заңна­малық өзге­ріс­терге ерекше назар аударды.

Шетелдік және отан­дық инвесторлардың құқық­тары мен мүдделерін қорғау – агенттіктің басты басым­дық­тарының бірі. Атап айтқанда, агенттік «Ата­мекен» ҰКП-мен бірлесіп 2018 жылдан бастап кәсіпкерлік субъек­тілері тап болатын барлық процес­терді сыбайлас жем­қорлық­қа қарсы сүйемелдеуге арнал­ған Protecting business and invest­ments жоба­сын іске асыруда. «Бүгінде агент­тік жалпы со­масы 38 млрд АҚШ долларын құрайтын 650-ден астам ин­вестициялық және би­знес-жобаларды сыбайлас жем­қорлыққа қарсы сүйемелдейді. Инвес­ти­циясының жалпы сомасы 20,9 млрд АҚШ долларын құрайтын әр бесінші жобада шетелдік қатысу бар»,  деді А.Шпекбаев. Оның айту­ынша, бизнес-құрылымдардың сы­байлас жемқорлыққа қарсы сая­сатты белсенді пайдалануы – агенттік қызметінің тағы бір ма­ңыз­ды бағыты болып саналады. Ол бизнесті жүргізу кезінде парасат­тылықтың мызғымас стандартқа айналуы тиіс екенін атап өтті.

Бұл мәселеде, оның пікір­ін­ше, халықаралық деңгейдегі кор­по­ративтік секторда кеңі­нен дамыған комплаенс-қыз­меттерді қолдану тәжірибесі ма­ңызды. Бүгінгі таң­да комплаенс құрылымдары «Самұрық-Қа­зына» қорында және оның құрамына кіретін 12 ком­панияда жұмыс істейді. Соны­мен қатар, комплаенс-қыз­мет­терді құру бойынша жұмыс Қазақстанның ірі жеке компаниялары тарапынан қол­дау тапты. А.Шпекбаев атап өткендей, агенттік жұмысының келесі бағыты – бизнесті жүргі­зуге кедергі келтіретін лауазымды тұлғаларға қатысты қыл­мыстық қудалау шараларын іске асыру.

«Қабылданып жатқан жүйе­лі және кешенді шаралардың нәтижесінде сыбайлас жем­қорлық қылмыстарының саны жыл сайын тұрақты түр­де төмендеп келеді. Атап айт­қанда, 3 жыл ішінде 11%-ға тө­мендеді. Мыңнан астам кәсіп­кердің құқықтары мен мүдде­лері олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғалды», деді агенттік төрағасы.

Отандық және шетелдік бір­қатар компанияның өкілдері биз­нестің өзекті проблемалары мен оларды шешу мүмкіндіктері тура­лы пікірлерін білдірді. Сондай-ақ форум алаңында Корея, Иор­дания және Нидер­ланд елші­лері бизнес пен инвестиция­ларды қолдау бойын­ша өз тәжірибелерін таныстырды. Иорданиялық дип­ломат Юсуф Абдельгани екі ел арасындағы еркін сауда ай­мақ­тарын құру және дәрі-дәрмек пен киім шығаратын зауыт­­тар салу мәселелеріндегі ынты­мақ­­тастықтың мүм­кін­діктеріне тоқталды. Қаты­сушылар іскерлік ахуалды жақ­сарту келешегін, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынастарды трансформациялауды, сондай-ақ пандемиядан кейінгі дағдарысты бірлесіп еңсеру шараларын талқылады.

Форум жұмысының қоры­тындысы бойынша бизнес-қо­ғам­дастық өкілдерінің бар­лық ескер­тулері мен ұсыныс­тары одан әрі пысықтау үшін Үкіметке жібері­летін болады.

Соңғы жаңалықтар

Ырыздық кемімесін десек...

Қазақстан • Бүгін, 00:27

Мүсіншілер мұңы

Өнер • Бүгін, 00:16

Ер Тоқтар

Таным • Кеше

Словакия QazVaс-ты мойындай ма?

Коронавирус • Кеше

Ұқсас жаңалықтар