Оқиға • 08 Сәуір, 2021

Мерт болғаны майдандастар арманы (Олардың ұрпақтары 77 жылдан кейін кездесті)

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан екі майдандас достың ұрпақтары елордада кездесті. Тарихи кездесу «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында өтті.

Мерт болғаны майдандастар арманы  (Олардың ұрпақтары 77 жылдан кейін кездесті)

Бұл оқиға 77 жыл бұрын бол­ған: екі майдандас дос, ненец Иван Яптик пен қазақ Мұхтар Қайшатаев бір-біріне соғыстан кейін қазақ жерінде кездесуге уәде берген екен. «Майдандас дос­тар – ненец Иван Яптик пен қазақ Мұхтар Қайшатаев Қа­зақстаннан келген хатты оқып отыр» деген жазуы бар, бірге түс­кен фотосурет әлі күнге сақ­таулы.

Жауынгерлер 2-ші Беларусь майданының 46-шы атқыштар дивизиясының 340-шы атқыштар полкінің құрамында болған. Өкі­нішке қарай, екеуі де уәде­лерін орындай алмай, 1945 жылы майдан даласында қаза табады.

«Екі ел іздеушілерінің бір­лес­кен жұмысының арқасында қа­рулас жолдастардың немерелері табылды. Олар 77 жыл бұрын аталары берген уәделерін орындау үшін Қазақстанның бас қаласында бас қосып, осылайша фашизмді жең­ген Қазақстан мен Ресей ха­лықтарының бірлігін, уақыт ар­қылы сақталған құрмет пен са­бақ­тастықтығын көрсетті», деді «Ямал плацдармы» іздеу отря­­ды» коммерциялық емес се­рік­­тес­тігінің төрағасы Андрей Гу­ничев.

Іс-шара аясында іздеушілер мен жауынгерлердің ұрпақтары өздерінің қызметтері мен кезде­су­дің тарихы туралы ақпарат береді.

Сонымен қатар Мұхтар Қай­шатаевтың туыстарымен кездесу үшін Ресей делегациясының Семей қаласына сапарын ұйым­дастыру жоспарланған.

«Отан тарихын, халықтың мә­дениетін, салт-дәстүрін білу – патриотизм және ұлттық бі­ре­гейлікті жаңғыртудың не­гізі. Қазіргі уақытта тарихи сананы қалыптастыруға, мем­ле­кеттілікті және қазақ хал­қы­ның ұлттық біре­гейлігін ны­ғайтуға ерекше мән беріліп отыр», деді «Атам­ның амана­ты» ҚБ басқарма төр­ағасы Мұрат Мол­дағалиев.

Іс-шараны «Атамның ама­наты» қоғамдық бірлестігі, «Ру­­хани жаңғыру» қазақстандық қоғам­дық даму институты, Нұр-Сұл­­тан қалалық ардагерлер ке­ңе­сі және Нұр-Сұлтан қаласы бо­­йынша «Рухани жаңғыру» жо­ба­лық кеңсесі ұйымдастырды.