Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлерге Зайсан көлінің жағасында Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулаумен айналысатындығы туралы хабар келіп түсті.
Тәртіп сақшылары «Қарақас» учаскесінде 34 жастағы ер адамды ұстап, тексеру барысында оның «ВАЗ» автокөлігінен балық аулайтын құралдар және 150 келіден астам заңсыз ауланған шортан, көксерке, табан балықтары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігіне (балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) сәйкес тергеу басталды.
«Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтады. Соның нәтижесінде, 5 тоннадан астам балық тәркіленген», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.