Аймақтар • 08 Сәуір, 2021

Оралда 22 миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО ПД қызметкерлеріне Орал тұрғыны үлкен көлемдегі ақшасын алаяқтың жымқырып кеткені туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оралда 22 миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

Белгілі болғандай, 1987 жылы туған Г. есімді азаматтан танысы 2018 жылы пайызбен қарызға ақша алып, сенімге кіріп, осы уақытқа дейін қайтармаған. Алған қарызының құны 22 миллионға жеткен. Жәбірленуші тарап полицияға шағым түсірді.

Қабылданған шаралар бойынша 1988 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа құқық бұзушылықтарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.