Спорт • 08 Сәуір, 2021

Дзюдошымыз сәтсіз өнер көрсетті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Бішкекте өтіп жатқан Азия мен Мұхит жағалауы елдері біріншілігінің екінші жарыс күні Қазақстан құрама командасының қоржынына бірде-бір медаль түскен жоқ.

Дзюдошымыз сәтсіз өнер көрсетті

Ерлер сайысында 73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов алғашқы айналымдарда үндістандық Раван Құмар мен өзбекстандық Мұроджон Юлдошевтен басым түскенімен, жартылай финалда тәжікстандық Самон Махмадбековтен ұтылды. Қола медаль үшін бәсекеде Жансай БАӘ-нің өкілі Виктор Сквортовқа есе жіберді. 81 кило салмақтағы Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев тұсаукесер кездесулерін жеңіспен аяқтағанымен, келесі кезеңде жеңілістің кермек дәмін татты. Дидар кореялық Ли Моон Джиннен, ал Руслан өзбекстандық Шароффидин Балтобоевтан жеңілді. Қос қандасымыз жұбаныш бәсекесінде өзара күш сынасып, бұл тартыста Хамзаның асығы алшысынан түсті. Үшінші орын үшін сайыста Дидар моңғолиялық Саед Моллаейдің осал тұсын таба алмады. 

Әйелдер арасында 63 кило салмақтағы Иоланта Бердібекова жұбаныш бәсекесінде ұтылса, 70 кило салмақтағы Зере Бектасқызы үшінші орын үшін тарыста қытайлық Сун Кияогиге жол берді.