«Басты мақсат – жоғары оқу орындарындағы сапаны көтеру. Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ларды жеке немесе мемлекеттік деп бөлмейді. Себебі мемлекеттік те, жекеменшік жоғары оқу орнында да білім беру сапасы төмен болуы мүмкін. Осы орайда оқу орындары негізсіз жіктеліп, осындай көзқарас қалыптасқан еді. Бізде елде және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жеке ЖОО-лар бар және оларды мақтан тұтамыз», деді министр.
Министр еліміздегі ЖОО-лар бәсекеге қабілетті емес деген таптаурын пікірді ұмыту керектігін атап өтті.
Сондықтан Қазақстандағы оқу орындарының басым бөлігі жоғары сапада білім беруге қауқарлы болып отыр.
«Сол себепті министрлік жеке және мемлекеттік деп өзара бөлмейді. Бұл тұрғыда сапалы білім беру қызметін ұсынатын оқу орны және білімді тиісті деңгейде бере алмайтын жоғары оқу орны деп қарастырамыз», деді А. Аймағамбетов.