Қоғам • 08 Сәуір, 2021

Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

39 рет көрсетілді

Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары үш тұрғын үйден еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Онда қардың қарқынды еруі және еріген судың жиналуы салдарынан үйлер мен аула аумақтарын су басты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Атап айтқанда 49 адам, 17 бірлік техника, 9 бірлік мотопомпа.

Сонымен қатар, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін сағат 10.35-те Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-869 тікұшағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін әуеге көтерілді. Бағыты Вячаслав су қоймасы-Қоянды-Ильинка- Преображенский су реттегіші. Тікұшақ ернеуінде Ақмола облысы ТЖД, әкімдіктің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазгидромет» РМК өкілдері бар.

Жағдай Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Айта кету керек, Ақмола облысында қардың еруі салдарынан су басуға жол бермеу үшін елді мекендерде қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша 447 813,76 текше метр қар шығарылды. 177921,8 текше метр еріген қар суы сорылды. 13482 қапқа инертті материалдар салынып, төселді. 2511 метр бөгет нығайтылды. 128084,61 метр су бұру арналары мен арықтары тазартылды. 2099 метр арналар мен арықтар қалыпқа келтірілді.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қайта қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 11:44

Құрттың ішінен есірткі табылды

Аймақтар • Бүгін, 09:43

«Астана» көш бастады

Спорт • Бүгін, 09:40

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Қазақстан • Бүгін, 09:20

Жартылай финалда сүрінді

Теннис • Бүгін, 07:56

Көкпар – ұлттық мінез

Руханият • Бүгін, 07:50

Ақ үйдің алғашқы мейманы

Әлем • Бүгін, 07:38

Ескі үйлерді есіркеген жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Рамзайдың «жұмбағы»

Сұхбат • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар