Жолдағы шұңқыр су бұру желісіндегі апат нәтижесінде пайда болған. Кәріз коллекторын 2018 жылы мердігер ұйымның қызметкерлері салған. Оған қоса, кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған.
«Мердігер ұйымға техника бөлдік. Жолдың опырылу себептерін анықтауы қажет. Мердігерлер шығынды өз қаражаты есебінен жояды», деді Батыс су арнасының қызметкері.
Өкінішке қарай, бұл Орал қаласының кәріз желілерінде болған алғашқы апат емес. 2020 жылы осындай жағдай мыңдаған тұрғынды сусыз қалдырған еді.