Қоғам • 08 Сәуір, 2021

Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат кездесіп, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Аталған меморандум тараптарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Түркі академиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, академия басшысының арнайы келуіне ризашылығын білдірді.

«Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы болып саналатын Нұрсұлтан Назарбаев идеяларын жүзеге асыру Түркі академиясының да маңызды мақсаты. Сондықтан бұл бағытта Елбасы кітапханасы біздің сенімді серіктесіміз бола алатыны сөзсіз», деді Дархан Қыдырәлі.

5

Меморандумға салтанатты қол қою рәсімінен соң Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы әр жылдарда шығарған 70 ғылыми еңбекті Елбасы кітапханасы қорына сыйға тартты.