Қазақстан • 08 Сәуір, 2021

«Ғарышқа апарар жол» тақырыбында халықаралық форум өтті

462 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше «Бөбек» ҰҒПББСО-нда  тікелей эфирде ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің қолдауымен ғарыштық білім беру бойынша «Ғарышқа апарар жол» тақырыбында халықаралық форум өтті.

«Ғарышқа апарар жол» тақырыбында халықаралық форум өтті

ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру Комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова, «Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова, «АҮДҰИ» КЕАҚ президентінің міндетін атқарушы Ирина Калачева және «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясының директоры Райся Кудякова алғы сөз сөйледі. 

Қазақстан Республикасының ғарышкері, әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, «Халық Қаһарманы» атағының иегері,  «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Айдын Айымбетов 60 жыл бұрын «Байқоңыр» космодромынан Юрий Гагарин «Восток-1» кемесінде ғарышқа аттанғанын айтты. «Бұл еліміз үшін ерекше мереке болды. Яғни, ғарышкер Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа  қазақ жерінен ұшты. Ол Жер шегінен шыққан тұңғыш адам болып, адамзат үшін жаңа кезеңді ашты. Бұл күн зор гуманистік маңызға толы», деді ол. 

Ғарыштық қызметтің дамуы Қазақстан үшін басекеге қабілеттілігі зор және еліміздің қарқынды индустриаландырудың мықты факторының бірі болып табылады. Қазақстан 2030 жылға ғарыштық қызмет көрсетудің дүниежүзілік нарығында өз қолданыс аясын кеңейту тиіс. 

Елена Сәкенова рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен, 2009 жылы «Бөбек» Орталығында бірегей білім беру Обсерваториясының ашылғанын атап айтты. 2010 жылдан бастап соңғы 10 жыл ішінде «Бөбек» Орталығының Обсерваториясында 79 республикалық (6708 қатысушы) және 50 халықаралық (377 қатысушы)  іс-шара өткізілді. 2092 қатысушы республикалық шаралардың, 148 қатысушы халықаралық іс-шаралардың жүлдегерлері атанды. 

Обсерваторияның «Бөбек» орталығының құрылымдық бөлімшесі болып, ғарыштық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын ұйымдастырып жүзеге асыратыны туралы Райся Кудякова мәлімдеді. Ол форумға қатысушыларды телескоп, компьютерлер, робототехника сияқты заманауи құрылғылармен жабдықталған Обсерватория қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, командалар құрамында халықаралық астрономиялық олимпиадаларға, турнирлерге, байқаулар мен конференцияларға қатысатын республика мектептерінің оқушылары Обсерваторияда дайындықтан өтетіні айтылды.

Сондай-ақ, осы жиында педогогика ғылымдарының докторы, Г. М. Гречко атындағы Нижегородтық планетарийдің директоры Г.А. Муромцева (Ресей), Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиаданың үйлестірушісі В.И. Загайнова (Канада), Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің физика факультетінің инженері А.А. Симон  (Украина) және тағы басқа мамандар баяндама жасады.