Пациент Б. 10 күн бойы өзін нашар сезініп, үйде болған. Ауыр жағдайда, ішектен қан кетіп, қан қысымы 70/40 мм рт ст. шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасымен №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген.
Қабылдау кезінде колоноскопия жүргізіліп, науқаста тік ішектің циркулярлық қатерлі ісігі анықталды. Пациенттің ауыр жағдайына, тасымалдау кезінде өліп кету қаупіне байланысты оны онкологиялық орталыққа ауыстыру мүмкін болмады.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс хирургі Батыр Айтмолдаұлы Айтмолдинның басшылығымен шұғыл түрде консилиум өткізілді. Оның барысында № 2 көпбейінді қалалық аурухана базасында пациентке ота жасау туралы шешім қабылданды.
Директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Батыр Айтмолдаұлы Айтмолдин мен хирургиялық инфекциялар және колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі Жомарт Ғалымұлы Жалғасбаев бастаған хирирхиялық бригада 3 сағат бойы осы күрделі отаны жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта пациент Б. өзін жақсы сезінеді.