Бизнес • 09 Сәуір, 2021

E-commerce бизнеске ауадай қажет

717 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шағын және орта бизнесті дамыту басты басымдыққа айналып тұр. Осы мақсатта түрлі жобалар қолға алынуда. Пандемия бизнесті онлайн форматта дамыту ең оңтайлы нұсқа екенін дәлелдеп берді. Осы орайда елімізде ШОБ өкілдерінің электронды коммерцияны ерекше меңгеруіне мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Жоба аясында тәуелсіз сарапшылар, интернет-маркетинг, электронды сауда, электронды төлем, бухгалтерлік есеп және ақша ағынын басқару бағытында табысқа жеткен ірі халықаралық компания мамандары вебинарлар өткізіп, дәріс бермек.

E-commerce бизнеске ауадай қажет

Вебинарлар барысында жарна­ма­ға, цифрлы жылжытуға және қол­даныстағы цифрлы жарнама түр­леріне көп көңіл бөлінбек. Сонымен қатар ШОБ өкілдеріне электронды саудаға көшудің ерекшеліктері: веб-сайт пен интернет-дүкенді қалай жүр­гізу, онлайн-тапсырыстарды қалай бас­қару және клиенттерді тарту, сау­да интернет-алаңдары (маркетплейс­тер) және танымал әлеуметтік желі­лер (мысалы, Instagram) арқылы сату­ды жүзеге асыру мүмкіндіктері ай­ты­лады. Электронды сауда электрон­ды төлемдермен тікелей байла­н­ысты болғандықтан цифрлы төлем­дер та­қырыбына ерекше назар аударылмақ.

– 2025 жылға қарай сауданы дамытудың ұлттық жобасы аясында біз Қазақстандағы электронды сауда үлесін 15 пайызға жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Бұл үшін мемлекет­тік реттеуді жетілдіруге, электронды сау­­да инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекет пен бизнесті үйлестіруге, қазақстандық тауарлардың электронды экспортын дамытуға тиіспіз. Бұл үдерісте бизнес пен халықтың цифрлы дағдыларын тұрақты түрде дамыту өте маңызды. ШОБ-тың цифрлы және қаржылық сауаттылығын арттыру елдегі е-коммерцияның одан әрі дамуына, біздің компаниялардың басқа нарықтарға шығуына көмекте­седі деп сенемін. Пандемия әлемде және Қазақстанда электронды сау­да­ның дамуына оң әсерін тигізді. Каран­тин шаралары бизнестен клиент­тер­мен өзара іс-қимыл форматын қай­та қарауды талап етті. Кәсіп­кер­лер­дің осы жоба аясында жетек­ші халықаралық сарапшылар мен маман­дардан алатын тәжірибесі мен білімі оларға жұмыс страте­гия­сын өз­гертуге, сау­да саласындағы жаңа фор­маттар­ды, стан­дартты емес шешімдер мен қыз­­меттерді табуға көмектеседі деп үміт­тенеміз, дейді Сауда және инте­гра­ция вице-министрі Әсел Жанасова.

Орталық Азиядағы Mastercard компаниясының бас директоры Рафал Трэпканың айтуынша, цифрлы экономика өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Өйткені қазір адамдардың көбі дерлік карта немесе смартфонмен төлем жасайды, тауарды онлайн сатып алады және бұл кәсіпкер үшін де, клиент үшін де қолайлы бағытқа айналды.

– ШОБ кәсіпорындары экономикада негізгі рөл атқарады. Олар мо­бильді және өзгерістерге төзімді, со­нымен қатар жұмыс орындарын қам­тамасыз етеді. Электронды сау­да­ның қарқынды өсу дәуірінде эконо­миканың осы секторына жаңа білім мен дағдылармен қолдау көр­сету өте маңызды. Біз бұл жоба кәсіп­керлерге пайдалы болатынына және жаңа сапалы деңгейге шығуға, биз­нес үшін жаңа мүмкіндіктер береті­ніне се­нім­діміз, – дейді USAID кәсіп­кер­­лікті және бизнес ортаны дамыту жо­­ба­­сының жетекшісі Филип Стоянович.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеулеріне сәйкес, COVID-19 пандемиясы әлемде элек­тронды сауданың кең таралуына ықпал етті. Бұрын біз ойламаған ба­ғытта жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа клиенттер легі қалыптасты. Қазақстан да халықаралық трендтерден тыс қал­майды. 2021 жыл e-commerce-тің таралу деңгейін арт­­тырады және бизнес үшін пай­даланылмаған мүмкіндіктерді ашады деген сенім басым.