Аймақтар • 09 Сәуір, 2021

Көрші облыстардағы жағдай ойландырады

181 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы «жасыл аймақта». Дегенмен күнделікті қарым-қатынасы үзілмеген, барыс-келісі көп көрші өңірлердің бірі «қызыл», енді бірінің «сары аймақта» болуы түркістандықтарды да алаңдатуда. Түркістан мен Шымкенттің арасында күніне мыңдаған көлік қатынайды, Алматыға апарып-әкелетін көлік те аз емес. «Жасыл аймақтағы» кей ағайынның үйде қамалып отырғысы және жоқ. Көрші өңірден келгендерді қонақжай қазақ қуана қарсы алады. Бұл жағдайда індеттен сақтанудың жалғыз жолы – екпе салдыру.

Көрші облыстардағы жағдай ойландырады

Өзін ғана емес, айнала­сын­да­ғылар мен жақынын ойлаған Түркістан облысының 21 мыңнан астам азаматы екпе қабылдады. Олардың басым бөлігі, яғни 14 мыңға жуығы медицина қызметкері, 5 мың­нан астамы мұғалім болса, мың­ға жуығы құқық қорғау орган­дары және жарты мыңдай әр­түрлі топтағы азаматтар. Бұл айда екпе салдыруға ниет біл­діргендердің саны артып отыр. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабар­лауынша, екпе қабыл­да­ғандар дәрігерлердің ба­қы­лауында. Ал екінші компо­нент­пен 10 мыңға жуық азамат вакцина алыпты. Инфекцияға қарсы вакциналау жұмыстары 65 емдеу мекемесінде жүр­гі­зілуде. Соңғы тәулікте Түр­кіс­тан облысында 19 адамда COVID-19 індеті анықталған. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 600 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 3 мыңдай адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар.

Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының расталған 800-ден астам жағдайы тіркелді. Жалпы облыста коронавирусты инфекциядан 4500-ден астам жағдай расталып, жыл басынан бері 625 пневмония аурушаңдығы тіркелген. Соңғы екі аптада коронавирус – 36%, пневмония 54%-ға өскен. «Өзге облыстардағы жағдайдың күрделенуіне байланыс­­ты коронавирус және пневмония жұқпалы ауруларына шалдығудан барынша сақтанған жөн. Ал сақтанудың бірден-бір жолы – вакцина қабылдау. Тұрғындар арасында отбасылық, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру толастамай тұр. 2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап, тыйым салынған 192 мерекелік іс-ша­ра ұйымдастырылғаны бел­­гілі болды», дейді облыс­тың бас мем­­ле­­кеттік санита­р­лық дәрі­гері Нұрбек Нышанов.

Аймақта бүгінде жалпы 23 мыңнан аса медицина қызметкері бар. Оның 5 мың­нан астамы – дәрігер, қал­ған­да­ры орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4500-ге жуық науқас толық жа­зылып шықты. Айта кете­лік, дәрігерлер індетпен күре­су­мен қатар басқа да ауруларды емдеуді назарынан тыс қалдырған жоқ. Мысалы, жуырда облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ауыр халде жеткізілген 23 жас­тағы жүкті әйелге бір мезетте екі ота жасады. Ана мен нәрестенің өмірін аман алып қалу үшін алдымен оны кесарь тілігімен босандырып алған. Кейін сол жақ ба­уырын құрт­тан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған. «Ота шұ­ғыл диагностикалық, лабо­ра­­ториялық және салалық дәрі­гер­лердің тексеруінен соң жасалынды. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен ана мен бала өмірі қыл үстін­де тұрған. Қазір сәби мен ананың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Аймағанбетов. Ал №3 облыстық перинаталдық орталығының дәрі­герлері небәрі 1,5 кило салмақпен туылған үшемді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, перзентханадан шығарды. Дәрі­гер­лердің айтуынша, жүк­тіліктің 32-ші аптасында әйел­ге жедел ота жасауға тура келген. Алғаш рет ана атан­ған Динара Мухитованың жа­қын­дары сәбилерге Хади­ша, Фатима, Захра есім­де­рін берген. Дәрігерлер аман алып қалған үш қыз мер­зі­мі­нен бұрын дүниеге келіп, бір апта бойы жансақтау бөлі­мінде жатқан. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрес­те­лер­дің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің қа­таң бақылауында болған нә­рес­те­лер­дің әрқайсысы осы уақыт ішінде бір килодан салмақ қосқан. Жас отбасы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғындары. Айта ке­телік, облыстық пери­на­тал­дық орталығында жыл басынан бері 2 652 нәресте дүниеге келген.

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар