Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 8- 12 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», делінген ведомстваның хабарламасында.