«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Жағдайды бағалау матрицасы бойынша қаламыз 1 ай бойы қызыл аймақта тұр. Күніне 350-ден 580-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттану көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 12 пайызға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда қарқынды көрсеткіш 250,8-ді құрайды, репродуктивтік сан 1-ден асады», деді маман.
Бұдан бөлек, дәрігер сырқаттану көрсеткіші, әсіресе, ересектердің арасында көп екеніне тоқталды.
«Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғалы 34453 жағдай тіркелді. Оның ішінде 22 254 симптомдары бар және 12 199 сиптомсыз. Соңғы тәулікте 446 бастапқы жағдай тіркелді. Оның ішінде симптомдары бар 297 жағдай, 149 симптомсыз жағдай. Жас құрылымы бойынша сырқаттанудың ең жоғары деңгейгі ересектер арасында тіркеледі. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 80 пайызын құрайды», деді бас санитардың орынбасары.