«Қазір 562 адам инфекциялық стационарларда ем алып жатыр. Оның 395-і Ақтөбе қаласында. 35 науқас жансақтау бөлімінде. Төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Вирустан сақтанудың ең тиімді жолы – вакцина. Қазіргі кезде 10 мыңнан астам адам екпе қабылдап үлгерді. Тағы 20 мың доза жеткізілді. Тұрғындар мекен жайы бойынша емханаға келіп, вакцина қабылдай алады», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Қазіргі кезде үй карантиніне жіберілгендер саны артып барады. 3300-ден астам адам екі апта бойы дәрігерлер бақылауында болуы тиіс.
«Мониторинг топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес 176 айыппұл салынды. Айыппұл көлемі – 24,5 миллион теңге. Үйлестіру орталығынан түскен хабарлама негізінде тағы 21 тексеру жүргілізіп, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. «Қызыл» аймақтағы өңір тұрғындарын санитариялық талапты сақтауға шақырамыз. Рамазан айында мұсылмандарға бір ай бойы ораза ұстау парыз етілген. Дегенмен топталып, ауызашарға баруға немесе үйіне сырттан адам шақыруға болмайтынын ескертеміз. Әркім өз шаңырағында, отбасы мүшелерімен бірге болғаны дұрыс. Сондай-ақ, індетке байланысты биыл мешіттерде тарауих намазы оқылмайды», деді облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.