Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева онлайн брифинг барысында халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау оразаны бұзбайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«COVID-19 вакцинасы оразаны бұзбайды. Себебі ораза кезінде зат ас қорыту жүйесіне ауыз немесе мұрын арқылы енсе, ол бұзылады. Ал инъекция және коронавирусқа қарсы вакцина енгізу жағдайында мұндай ешнәрсе болмайды», деді Жанна Пралиева.
Сондай-ақ ол қалаларда қосымша егу нүктелері құрылғанын еске салды. Сол сияқты ірі сауда орталықтарында жаппай вакцинация жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған әрбір елордалықтың COVID-19-ға қарсы екпе алуға және өзін аурудан қорғауына мүмкіндігі бар.
«Елорданың әрбір тұрғыны қаладағы және жалпы еліміздегі коронавирустық инфекция бойынша бүгінгі жағдайдың ауырлығына мән беруі қажет. Әрбір азамат ораза ұстайтын жақынын COVID-19 инфекциясын жұқтырудан қорғауы керек. Ал бұл үшін тиісті сақтық шараларын сақтау қажет. Нақтырақ айтқанда қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмау және оған қатыспау», деп қосты спикер.
Сонымен қатар Жанна Пірәлиева Рамазан айында ораза ұстағысы келетін адам дәрігердің кеңесін алуы қажет екенін айтты.
«Қауіп-қатерге душар болған адамдар, яғни жақында COVІD-19 инфекциясымен ауырған, созылмалы аурулары бар, қалқанша безінің проблемалары бар қарттар, жүкті әйелдер Рамазан айында ораза ұстағысы келеді. Мұндай жағдайда дәрігермен отыз күндік оразаның орындылығы туралы кеңесін алуы қажет», деді спикер.
Жанна Пірәлиева өз сөзінде ораза ұстаушыларда аурудың алғашқы белгілері білініп, әлсіздік, иіс сезбеу секілді белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініп, дәрігердің кеңесімен оразаны тоқтатуы керек екенін атап өтті.
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар