Әсел Қалықова журналистердің «Қалада коронавирус жұқтырғандар санының 700-ден асуына байланысты Алматыда карантин күшейтіле ме» деген сауалына жауап берді.
«Қаладағы карантинді күшейту шарасы эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қаралады», деп жауап берді ол.
Еске сала кетейік, Алматыда эпидемия басталғалы бері 39 655 адам коронавирус жұқтырды, 30959 науқас індеттен айықты.