Руханият • 09 Сәуір, 2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері және перспективалары бойынша онлайн кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

Іс-шараға өңір әкімдерінің орынбасарлары, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ басшылығы, жобалық кеңселер үйлестірушілері және сараптамалық кеңес өкілдері қатысты.

Аида Балаева іске асырылуына 12 сәуірде 4 жыл толатын бағдарлама аясында жүргізілген жұмысқа назар аударды. Бағдарламаның негізгі нәтижелері және өңірлердің осы бағытта қосқан үлесін атап өтті.

Сонымен қатар, министр қатысушыларға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының жаңа басқарма төрағасы Асылбек Есенбаевты таныстырды.

«Біз бүгін бірге жиналып, өткенге есеп беріп, болашақ жоспарлармен бөлісуді жөн көрдік. Қоғамдық талқылаудың, сарапшылар пікірінің маңызы қашанда зор. Сондықтан, бүгінгі отырыста бағдарламаның мазмұны мен маңызы жайлы нақты ой-пікірлер, ұсыныстар айтылады деп сенемін», деп атап өтті Аида Балаева.

Кездесу барысында бағдарламаның барлық республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың тиімді қызметін талап ететін жаңа кезеңге өтуі айтылды. 2021 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғыру кезеңіне өтудің жол картасы форматына ауысты.

Жол картасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы негізінде, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған идеялары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше