Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысында COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың нәтижелері, вакциналау, тағы басқа мәселелер талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазіргі таңда әлемде эпидемиялық ахуал күрделі. Елімізде де «қызыл аймаққа» кірген өңірлердің қатары артуда. Шымкент қаласы Павлодар, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау облыстарымен бірге «сары аймақта» тұр.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін айтып, тұрғындар арасында бетперде режимін сақтау, коронавируспен күресте вакциналаудың маңызды екенін айтты.
– Індетті жеңудің жолы – вакциналау. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе егу жұмыстарын қарқынды жалғастыру қажет. Вакциналаудың маңыздылығы бойынша насихат жұмыстарын күшейту керек. Екпе егілген азаматтардың жағдайын біліп, солардың пікірін беріп отырайық. Сонымен қатар, вакциналау іс-шараларын насихаттауға бас дәрігерлердің де қатысуын қолға алыңыздар. Қалада індет жұқтырғандар саны күн сайын артып отыр. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау, – деді қала әкімі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позиловтың айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында жалпы коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компоненті 13 087 адамға адамға, екінші компоненті 5307 адамға егілген. Биыл жыл басынан бері 1872 адам ковид инфекциясын жұқтырған. 21 адам қайтыс болды.
– Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина келді. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 бекет жеткілікті. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашып жатырмыз, – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, өткен тәулікте КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді: белгілері бар - 50, белгілері жоқ - 22. 18 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 54 адам үй бақылауына алынған. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО - 70 орын).
Инфекциялық стационарда 260 науқас емделуде (КВИ-153, пневмония- 99, ЖРВИ- 8), жан сақтау бөлімінде - 10 (5 ИВЛ, 5 НИВЛ).
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар