Қазақстан • 10 Сәуір, 2021

Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдениет және ғылым саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында болып, оның директоры Мамед Алиевпен кездесу өткізді.

Аталмыш кітапханада 7-14 сәуір аралығында «Қазақ әдебиеті апталығы» өтуде.

М.Алиев бұл жоба екі мемлекеттің екіжақты мәдени және ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосатынын жеткізді.

1

С.Әбдікәрімов екі ел жастарының игілігі үшін білім беру, кітап алмасу және ғылыми зерттеулер саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кітапхана ісіндегі ғылыми-ақпараттық ынтымақтастықты жандандыруға, Қазақстан мен Әзербайжанның ғылыми кітапханалары мен мекемелері арасындағы тиісті келісімдерге қол қоюға келісті», деді СІМ-нен.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше