Шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР-дың Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы «Ата-Мекен» қазақ қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бас консулдықтан мәлім еткендей, көрмеге Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен байланысты әлемнің түрлі тілінде жарық көрген 100-ден астам басылым қойылды. Кітапхана басшылығы ұйымдастырылып отырған шараның екіжақты әріптестікті нығайту және кеңейтуде маңызы зор екенін атап өтті.
Аталған шара петербургтік оқырмандарға Қазақстан халқының мәдени мұрасымен және рухани байлығымен таныстыру мүмкіндігін ұсынды.