Аймақтар • 10 Сәуір, 2021

Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді

160 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түске қарай Алматыдағы СОО-ның егу пунктінде 55 қала тұрғынына коронавирус вакцинасы егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді

Бүгін Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда егу пункттері ашылды. Олар өз жұмысын сағат 10:00-де бастады, науқастарды жазба бойынша қабылдады.

«Москва» ойын-сауық орталығы жұмыс істемесе де, егу пункті қызметін бастады. Күзет қызметіндегілер ғимаратқа тек вакцинацияға алдын ала жазылғандар мен шақырылғандарды кіргізеді, ол үшін қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне ескерту жеткілікті.

«Мәскеу» СОО егу пунктінің жауапты кезекшісі Гүлдана Төлешова атап өткендей, медицина қызметкерлері сағат 10:00-ден бастап, сағат 20.00-ге дейін алматылықтарға екпе жүргізуді  жалғастырады. Дәрігерлер Алматы қаласының № 16 емханасына тіркелген азаматтарға алдын ала қоңырау шалды,сондай-ақ Е-Гов арқылы вакцинация алуға жазылғандар да бар. Төрт сағат ішінде дәрігерлер 50-ге жуық адамды вакцинациялады, вакцинация қызу жүріп жатыр. Оның үстіне, екпе алуға тілек білдірушілер көп.

Коронавирустан екпе алған ең жас адамның жасы 18-де болса, жасы ең үлкені - 87 жастағы қарт әже.

«Егу пунктінде 2 терапевт дәрігер мен медбикелер жұмыс істейді, адам саны көп емес, бетперде режимі,әлеуметтік қашықтық сақталған, кезегін кұтушілер бір-бірінен алшақ отырғызызылады. Барлығы алдын ала тіркеуден, содан кейін дәрігердің қарауынан өтеді, содан кейін қарсы көрсетілімдер болмаса, пациентті емшара кабинетіне жібереміз», деп түсіндірді алгоритмді Гульдана Тулешова.

Айта кетейік, алматылықтар вакцинацияға саналы түрде барып, өз еріктерімен жазылып, емханаларда да, СОО базасында  орналасқан пункттерге де келуде.

Екпе салдырғандардың арасында 72 жастағы зейнеткер, денсаулық сақтау саласының ардагері Наталья Михайловна да бар.

«Мен вакцинация арқылы ғана иммунитетті қалыптастырып,осы инфекцияны жеңе алатынымызды жақсы түсінемін. Бір кездері әлем обаны,шешекті жеңгендей. Егер бәрі вакцина алса, Құдай бұйырса коронавирусты жеңеміз», деді Наталья Тихоновна.

Зейнеткердің жай-күйін тексергеннен кейін, процедуралық кабинетке шақырып, онда оған «Спутник» вакцинасымен екпе салынды. Әйелдің айтуынша, ол өзін жақсы сезінген, әсіресе, егу пунктіне келгендердің бәріне түсінікті етіп түсіндіретін медицина қызметкерлерінің жұмысын ерекше атап өтті. Ұсынымдар береді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 20 СОО мен базарлардың базасында қалалық емханалардан егу пункттері жұмысын бастады. Алматы тұрғындарын вакцинацияға шақырады, E-Gov mobile мобильдік қосымшасы, сондай-ақ E-Gov электрондық үкімет платформасы арқылы жазылуға болады. Сонымен қатар, әдеттегідей, кез келген медициналық мекемеге хабарласуға да болады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше